Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы төленетін төлемдер мөлшері белгіленді
Мәдениет және спорт министрлігі спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды El.kz.
Материалдық қамсыздандыру ҚР азаматтары болып табылатын Қазақстан аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар мынадай спортшылар мен жаттықтырушыларға төленеді:
- Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға;
- Жоғарыда аталған спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға.
Бір спортшыны дайындағаны үшін материалдық қамсыздандыру бір жаттықтырушыға төленеді. Спортшы тағы жетістікке жетсе, материалдық қамсыздандыру басқа жаттықтырушыға да төленеді.
«Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді», – делінген Ашық НҚА сайтында жарияланған құжатта.
Өмір бойғы төлем дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар ҚР азаматтары болып табылатын мынадай спортшылар мен жаттықтырушыларға төленеді:
- Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға – 100 айлық есептік көрсеткіш;
- Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға – 100 айлық есептік көрсеткіш.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде таныса аласыздар.