Спортшы Бекзат Жасия алғашқы бапкеріне құрмет көрсетті
07.05.2025 23:14
Фото:
Видеодан кадр
Аралас жекпе-жектен спорт шебері, әлем чемпионы Бекзат Жасия алғашқы бапкеріне өзінің белдеуін сыйлап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сәттің видеосын спортшы желі парақшасында көпшілікпен бөлісті.
"Менің спортқа келгендегі алғашқы бапкерім Алексадр Колесников Б.Саттарханов атындағы спорт-мектеп интернатында мені барлығынан артық жаттығу жасауға үйреткен. Бұл ұстазымды ерекше жақсы көремін. Бапкерімнің жақында ғана жұбайы өмірден өткен, сол себепті аздап әбіржіп қалды. Кешегі жеңісімізден кейін шәкірттері болып көңілін аулап, алғысымызды білдіріп қайттық. Жеңісті күндеріміз көп болсын"-делінген жазбада.
Шәкірттерінің құрметіне бөленген бапкер олардың бұл әрекетіне риза болып, тіпті көз жасына ерік берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

