ҰОК

Спортшы Анна Стратан әлем чемпионатында қола жүлде алды

20.08.2025 22:06

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды. Шешуші белдесуде жерлесіміз Швеция спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.

Айта кетсек, U20 санатындағы дүбірлі дода Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатыр.