Жаңалықтар

Спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру басталды

Спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру басталды
Фото: gov.kz 10.10.2024 06:26 316

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуде спортта басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруды, оның ішінде өңірлерде спорт түрлерін қаржыландыру саясатын айқындауды тапсырған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында Туризм және спорт министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы республикалық федерациялардың қызметіне талдау жүргізіп, олардың қаржыландыру тәсілдерін қайта қарайды. 
Сондай-ақ спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру тетіктерін пысықтайды. Сонымен қатар басым спорт түрлерін нақтылау, өңірлердегі спорт саласына жауапты басқарма басшыларын тағайындауды уәкілетті органмен келісу секілді ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізеді. 

Жұмыс тобының құрамына Министрлік пен аймақтық дене шынықтыру және спорт басқармаларының қызметкерлері енді.

Қазіргі таңда топ мүшелері өңірлерге аттанып, жергілікті жердегі спорттың дамуына жан-жақты талдау жүргізу жұмыстарын бастап кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға