Баянауыл | Мың аңыздың елі

30.11.2020 2554

Баянауыл екі нәрсемен керемет танымал: 1) табиғаты сөзсіз сұлу; 2) бұл аймақта Қазақстанға еңбектері сіңген ғалымдар мен шағармашықтың, өнердің ұлы тұлғалары дүниеге келген. Олар: Қаныш Имантайұлы Сәтпаев, Шапық Шокин, Әлкей Марғұлан, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Шәкен Кенжетайұлы Айманов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов және тағы басқалары. Баянауылдың ауасында немесе суында сол заманның адамдарын өнерге, ғылымға баураған, жасампаздыққа шабыттандырған бір нәрсе бар шығар. Қазақстанда дәл осындай бірнеше әйгілі тұлғаларды сыйлаған тағы бір ауылдың атын атау қиындық туғызады.

Сапардың басты мақсаты - Баянауыл ұлттық паркі. Бұл Қазақстандағы алғашқы ұлттық саябақ, оның негізі 1985 жылы қаланды.

Саябақта салыстырмалы түрде бірнеше үлкен көлдер бар. Ең үлкені артта қалды (Баянауыл ауылы орналасқан Сабындыкөл). Көлемі жағынан екінші, бірақ мөлдірлігі бойынша бірінші орындағы ол – Жасыбай. Өзінің мөлдірлігімен саяхатшыларды өзіне баурап, барлығы Жасыбайда шомылғанды ұнатады. Баянауыл ұлттық паркінің «визит картасы» - Кемпіртас тасы.

Баянауылдағы ең ежелгі қастерлі орындардың бірі - Қоңыр-Әулие үңгірі. Үңгір орналасқан тау Аққарағай деп аталады. Тауға жету еш қиындық тудырмайды.

Ол Баянауыл ұлттық паркінің аумағындағы Баянауыл ауылынан 17 км жерде орналасқан. Ұлттық парктің аумағында таудың етегіне апаратын белгілер бар. Сол жерден сізге баспалдақпен көтерілу қажет болады.

Қоңыр туралы аңыздар жергілікті тұрғындардың исламға дейінгі наным-сенімдерінен бұрын дүниеге келген. Әлемдік су тасқыны туралы әйгілі оқиғамен қабаттасуы соған бір дәлел болып табылады. Аңыз бойынша, ең алдымен өздеріне емес, жұртқа көбірек көңіл бөлгендері үшін Құдай ағайынды - Қоңыр, Қыран және Құланның өмірін құтқарған. Су тасқыны кезінде олар Нұх пайғамбардың кемесінен орын алмай, керісінше оған бірнеше бөрене байлап құтылған деседі. Құдіреті шексіз Алла олардың рухтарының тазалығын көріп, оларды мейірімділікпен Баянауыл тауларына алып келді. Қоңыр Жамбыл ауданында, Қыран - Баянтау тауының басында, ал Құлан - Қызылтау облыстарында тұрды. Қоңыр әулие бәріне қалағанын берді, Қыран әулие жоғалған затты қайдан іздеу керектігін айтып, жау шабуылы туралы есеп бере алды, ал Құлан халықтың әл-ауқатына қамқорлық жасады.          Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

         Баянауыл | Мың аңыздың елі

Бөлісу: