Қандастар Ассамблея

Қазақстанда жылына 20 мың бала шала туады

01.06.2022 106


ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ақпарат алаңында «Қазақстан халқына» қорының жаңа қайырымдылық бағдарламасы туралы баяндады,- деп хабарлайды El.kz. 

«Қазақстанда қайырымдылық шаралары «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына дейін де болды. Қазір де бар. Елімізде қайырыдылық жұмысымен айналысатын мекемелермен, меценаттармен бірлесіп жаңа бағдарламалар негізінде жұмыс істеуге кірістік» - деді, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев.


Қоғамдық қорға жағдайы төмен және мүгедектігі бар студенттерден оқу ақысына байланысты 1500-дей өтініш келіп түскен. Жаңа бағдарлама бойынша көмекке мұқтаж студенттерге «Білім беру гранттары» бағдарламасы қарастырылып, 85 ЖОО бакалавриат бойынша бюджеттен 378 720 000 теңге бөлінген.

–Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды экзоскелеттермен қамтамасыз ету» қайырымдылық бағдарламасы жүзеге асырылу жоспарлануда. Экзоскелеттердің көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандардың жүгін жеңілдетуді көздейміз. Балалардың жасы мен бойына қарап өлшемдерін алып, тапсырыс қабылдауды бастап кеттік. Қазіргі кезде 4 баланың экзоскелет апараты дайын тұр. Елімізде экзоскелет апаратына 250 мың адам мұқтаж, - деді «MBionics» ЖШС басшысы Мәулен Бектұрғанов.

Сондай-ақ «Офтальмологиялық скрининг және шала туған балаларды емдеу үшін медициналық ұйымдарды жабдықтармен қамтамасыз ету» жобасы бойынша шала туылған балаларға соқырлықтың алдын алу үшін жүргізілетін скринингтің маңыздылыған атап өтті.

–Елімізде жылына 400 мыңнан астам туылған баланын 20 мыңға жуығы шала туылады. Демек, біз жыл сайын 20 мың балаға скрининг жүргізуіміз керек. 2021 жылы 6500 балаға скрининг жүргізіп, 273 балаға ота жасап, соқырлық қаупінен сақтап қалдық, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы аясында ерекше балаларға арналған 24 спорт зал мен жаттықтырушылар қарастырылған. «Батыр боламын» қоғамдық қоры 13 ауылдың спорт залында мыңнан астам баланы тегін жаттықтырып жатыр. Осылайша балалардың денсаулығы мен спортқа баулуды қолға алған.

Фото https://www.unicef.org/