Жаңалықтар

Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институты жетілдірілмек

Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институты жетілдірілмек
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 29.05.2023 16:51 876

Қазақстанда сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институты жетілдіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Заңнамада айтылғандай, елімізде сотталған азаматтар шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын жетілдіру көзделген.

Олар:

- ауырлығы аз немесе орташа қылмыстар жасағаны үшін адамдарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін жалпы мерзімді төмендету (ҚК 72-бабының 3,4-бөлігі);

- өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты шартты түрде босату қолданылғанда пробациялық бақылаудың 10 жылдық мерзімін белгілеу;

- сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды белгілеу:

1) бас бостандығынан айыру түріндегі жаза ҚК-нің 73-бабының тәртібімен бас бостандығын шектеуге ауыстырылған;

2) жазасын өтеуден бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған өмір бойына бас бостандығынан айыруға;

3) өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңінде қылмыс жасаған;

4) азаптау үшін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әділет министрлігінің  Қылмыстық жазаларды тағайындау түрлері мен тәртібін өзгертілетіні жөніндегі мәлімдемесін жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға