Жаңалықтар

Сотталған ауыр халде сырқаттанса, жазасын өтеу кейінге қалдырылуы мүмкін

Сотталған ауыр халде сырқаттанса, жазасын өтеу кейінге қалдырылуы мүмкін
Фото: polisia.kz 09.03.2023 12:36 834

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ІІМ Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министр Сенатта «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Бүгін заң жобасында қылмыстық процестегі адам құқықтары, қылмыстық жазаны орындау, азаптау және басқа қатыгез әрекеттердің алдын алу мәселелері ұсынылып отыр. Жалпы заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы аясындағы тапсырмасын орындау. Сонымен қатар адам құқығы саласындағы алғашқы шаралар жоспары аясында әзірленді» деді Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар Ішкі істер министрі Қылмыстық, қылмыстық процестік, қылмыстық атқару кодекстеріне және Ұлттық ұлан туралы заңға ұсынылған өзгерістер туралы айта кетті.

«Аталған заңға енгізілген өзгерістер азаматтардың құқықтарын нығайтуға, азаптауға қарсы талаптарын сақтауға және бірқатар қылмыстар үшін жауаптылықты күшейтуге бағытталып отыр. Атап айтқанда тұрмыстық саладағы қылмыстар үшін, ерекше ценизммен жасалған адам өлтіру, бандитизм үшін жазалар қатаңдайды.  Негізгі ережелер бойынша қазіргі уақытта түрмедегі сотталған адам ауыр халде сырқаттанса, соттың  шешімімен жазасын кейінге қалдыруға мүмкіндігі бар. Осылайша ол азамат медициналық мекемеде ем алады. Жазасын өтеуші сауығып кетсе, колонияға қайта оралады. Енді осы мүмкіндікті жазаны тағайындау барысында қолданылуға ұсынылып отырмыз», деді ІІМ министрі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға