Жаңалықтар

Сот шешімі бойынша елден 322 шетелдік шығарылған

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды
Сот шешімі бойынша елден 322 шетелдік шығарылған
Фото: inform.kz 04.07.2022 11:31 2494

Елімізде 27 маусым мен 4 шілде аралығында «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр,–деп хабарлайды El.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары шетелдіктердің тұратын жерлерін, құрылыс нысандарын, базарларды, ұйымдарды, сондай-ақ шет ел азаматтарына жұмыс берушілерді тексереді.

– 27-28 маусым аралығында жалпы 3762 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: 1239 – шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін, 207-і жұмыс берушілердің шетел азаматтарының еңбегін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін, 1509 – шетелдіктердің келуі туралы Ішкі істер органдарына уақтылы хабар бермегені үшін, – деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Оның айтуынша, сот шешімі бойынша елден 322 шетелдік шығарылды. 

646 адам мәжбүрлеп шығару үшін арнайы қабылдау орындарына қамалған. Тұрлыбек бір апта ішінде 2941 қылмыс жасалғанын айтты. 

– Оның 1851-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 54 тонау және 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға