Сора Рахмонованың АҚШ-тағы айқасы өтпейтін болды
21.09.2023 02:31
Фото:
©instagram.com/rakhmonova____/
Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Dana White’s Contender Series аясында үміткерлер айқасына қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған жерлесіміздің жарақаты себеп. Бірақ спортшының қандай жарақат алғаны белгісіз.
Сора Рахмонова UFC-мен келісімшартқа қол қою үшін литвалық Эрнеста Карецкайтемен өзара кім мықтыны анықтауы керек болатын. Турнир 26 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтуі тиіс еді.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық бойжеткен Мария Агапованың UFC-дегі турнирі өтпейтін болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

