Жаңалықтар

Соңғы үш жылда елімізде шамамен 2,5 мың ауыл мектебі жаңғыртылды

Соңғы үш жылда елімізде шамамен 2,5 мың ауыл мектебі жаңғыртылды
Фото: t.me/KZgovernment 03.12.2024 13:04 302

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл мектептерін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауылдың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы екені атап өтілді. Сондықтан мектептердің жағдайы ауылдың тағдыры мен халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді.

Мемлекет басшысы ауыл мектептерін дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2027 жылға дейін 180-ге жуық мектеп салу жоспарланған. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қоса алғанда, 42 ауыл мектебі пайдалануға берілді. Соңғы үш жылда ауылдарда 2,5 мыңға жуық мектеп жаңғыртылды. Оқыту жағдайларын жақсарту және жайлы орта құру мақсатында 800-ден астам мектепті қайта жаңарту жүргізілуде. Сондай-ақ ауыл мектептері үшін 4 мыңнан астам  пән кабинеті сатып алынды, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігіне биыл жыл соңына дейін өңірлерге мектептерді қайта жаңартудың бірыңғай талаптарын ұсынуды тапсырды. Онда білім ошақтарын күрделі жөндеу ғана емес, сондай-ақ пәндік сыныптармен жабдықтау мәселесі де қаралуы тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға