Соңғы үш жылда дәрігерлердің жалақысы 125%-ке өсті
15.05.2023 15:29
Фото:
©El.kz/Марат АМИРОВ
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен жыл сайын өсіп келеді. Оның ішінде, дәрігердің жалақысы 30%-ға, орта медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға артты.
Мәселен, 1-санаттағы, еңбек өтілі 13-16 жыл, қалада жұмыс істейтін дәрігердің жалақысы 2020 жылы 178,1 мың теңге болды. 2021 жылы 239,3 мың теңгеге, ал 2022 жылы 310,0 мың теңгеге, 2023 жылы 401,5 мың теңгеге жетті. Өсім 125%-ті құрады.

Ал 1-санаттағы, еңбек өтілі 13-16 жыл, қалада жұмыс істейтін орта медицина қызметкерінікі 2020 жылы – 129,1 мың теңге болды. 2021 жылы – 154,9 мың теңгеге, 2022 жылы – 186,0 мың теңгеге, 2023 жылы – 222,5 мың теңгеге жетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

