Жаңалықтар

Соңғы үш жылда 1100-ден астам адам судан қайтыс болды

Соңғы үш жылда 1100-ден астам адам судан қайтыс болды
Фото: El.kz 26.04.2023 12:25 768

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингте айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасының Бауыржан Сыздықовтың сөзінше соңғы үш жылдың ішінде 1100-ден астам адам суға кетіп қайтыс болған.

Бұл ретте ТЖМ және әкімдіктер, басқа құзыретті мекемелер болсын өз тарапымыздан алдын алу және профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бірақ сол халық ішінде қалай тыңдалуда деген сұрақ туындайды. Балалармен ата-аналар жұмыс жасаса, судағы қаіпсіздік туралы олардан не білетінін сұраса, бала жүзе біле ме, жүзу білмесе оны үйрету керек шығар деген сауалды қойса нұр-үстіне нұр болар еді, – дейді комитет төрағасы.

Ол былтырғы жылы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан 35 адамды құтқарғанын айтты.. Оның ішінде алтауы бала екен.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айы бойынша еліміздің су айдындарынан 44 адам құтқарылды. Әрбір азамат жол жүру ережесін сақтаған сияқты судағы жүріп-тұру қағидасын да қатаң сақтау тиіс, – дейді Бауыржан Сыздықов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға