Жаңалықтар

Соңғы он жылда мемлекеттік қызметтер саны екі есе өсті

Соңғы он жылда мемлекеттік қызметтер саны екі есе өсті
Фото: gov.kz 11.11.2024 11:33 302

Үкімет Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай Қазақстанның кейбір салаларындағы жетістіктерді мәлімдеді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҰҰ дерегі бойынша, 2024 жылы Қазақстан әлемнің 193 елінің ішінде телекоммуникация инфрақұрылымы индексінде 42-ші орынды иеленді. Елдегі интернет-пайдаланушылардың үлесі 93%-ға жетеді.

БҰҰ Халықаралық электр байланысы одағының Жаһандық киберқауіпсіздік индексіне сәйкес, биыл пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болды. Соңғы 10 жылда мемлекеттік қызметтер саны 2 еседен астам өсті. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында арнайы қосымшалар мен сервистер арқылы пайдаланушыларға 33 млн қызмет көрсетілді, - делінген хабарламада.

Тек осы жылдың қазан айында QR-кодтар арқылы 8 млн қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 млн сәйкестендіру жүргізілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға