Жаңалықтар

«Соңғы демі үзілген жер». Серікзат Дүйсенғазы қайғылы оқиға болған жерге барды

«Соңғы демі үзілген жер». Серікзат Дүйсенғазы қайғылы оқиға болған жерге барды
Фото: Әлеуметтік желі 15.03.2024 18:00 1578

Ақын Серікзат Дүйсенғазы Instagram парақшасында ұлы мерт болған жерді көрсетіп, көшпелі сот отырысы өтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін оннан аса отырыс өтті. Соның біреуін Елікте паркте жасайын деп жатырмыз. Әлиханымның соңғы көрген жері. Осы жерде көшпелі сот отырысы өтеді. Ардақты ағайын, Әлиханымның соңғы демі үзілген жер. Анау талға соғылған ғой. Айналайын-ай десейші, - деді ол.

Ақын ұлының өліміне кінәлі адамдардың жазадан құтылып кеткісі келетінін айтты.

Елікті деген осы міне. Ешқайсын әлі жаппаған, ашық тұр бәрі. Мойындамайды, Шымбұлақта да, басқа жерде де солай дейді. Соттың алдында да жаңа дауласып қалдық. Бізде заң да, иман да - бәрі өте әлсіз екен. Соны байқап отырмын. Бұл жігіттерде әлі иман жоқ. Адам өліп жатса да, орманды қоршауға болмайды деп дау шығарып отыр, - дейді ақын.

«Соңғы демі үзілген жер». Серікзат Дүйсенғазы қайғылы оқиға болған жерге барды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға