©El.kz/Марат АМИРОВ

Соңғы айда дүние жүзінде коронавирус індетінен 3000 адам қайтыс болды

25.12.2023 11:40

ДДСҰ дерегіне сүйенсек, 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында COVID-19-ды 850 мыңнан астам адам жұқтырған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш алдыңғы 4 аптамен салыстырғанда 52%-ке көп.  Оңтүстік-Шығыс Азияда сырқаттанғандар саны 388%-ке, ал өлім-жітім көрсеткіші үш есе өскен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Ресей коронавирус жұқтыру деректері бойынша әлемде көш бастап тұр. Соңғы бір аптада қауіпті вирус 97 мың адамнан анықталған. Оның 161-і қайтыс болған.

Соңғы бір айда дүниежүзінде 3 мыңнан аса адам COVID-тен қайтыс болған.