Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылында бес қабатты үй салынып жатыр

Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылында бес қабатты үй салынып жатыр
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 24.07.2024 19:13 502

Министр Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың бас мердігері – «Павлодар зауыты Темірмаш» ЖШС. Жобаның негізгі дайындығы 60% құрайды.

Пәтер ауданы:
1 бөлме – 44 ш.м. - 17 пәтер, жалпы ауданы 748 ш.м.
2 бөлме - 56 ш.м. - 19 пәтер, жалпы ауданы 1064 ш.м.
3 бөлме – 66,3 ш.м. - 14 пәтер, жалпы ауданы 929 ш.м.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті. Кезекте тұрғандардың барлығын пәтермен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі екінші кезектегі тұрғын үй сатып алу тәжірибесін қолдануда. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 94 адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде 14 көп балалы отбасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға