Солтүстік Қазақстанда жоғалған тұрғын аман табылды
16.12.2024 14:12
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
Солтүстік Қазақстан облысында іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айыртау ауданындағы Имантау мен Арықбалық ауылдарының арасында ТЖД құтқарушылары, ПД мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар бірлесіп 1981 жылы туған азаматты іздеген болатын.
Ер адам Имантау ауылынан жылқыларды айдауға шығып, жоғалып кеткен. Іздеуді күшейту үшін дрон қолданылды. Құтқарушылар Имантау ауылынан 8 км қашықтықтағы ашық аумақтан жоғалған азаматты аман-есен тауып, елді мекенге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

