Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда «шошқа» және «гонконг» тұмауын жұқтырғандар көбейді

Облыс аумағында тұмау өршіген
Солтүстік Қазақстанда «шошқа» және «гонконг» тұмауын жұқтырғандар көбейді
Фото: elorda.info 28.12.2022 17:31 1274

Солтүстік Қазақстан облысында В типті тұмаудың зертханалық расталған 244 жағдайы тіркелді. 8 адам «шошқа» тұмауын жұқтырса, жақында «гонконг» типті атанған тұмаудың 3 жағдайы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірде ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады. Эпидемиологиялық маусым басталған 1 қазаннан бері ауырғандардың 65%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Өңірде В типті тұмаудың зертханалық расталған 244 жағдайы тіркелді. 8 адам «шошқа» тұмауын жұқтырса, жақында «гонконг» типті атанған тұмаудың 3 жағдайы анықталды.

«Симптомдары да, емдеу жолдары да бірдей. Бұрындары тұмау қаңтар-ақпан айларында, яғни Жаңа жылдан кейін тіркелетін. Биыл ерте басталды. Отбасымен ауырып жатқандар бар. Өйткені, тұмау болсын, жедел-респираторлық вирустық инфекция болсын ауа тамшылары арқылы, тұрмыстық затпен таралады. Сондықтан, бір бөлмеде, бір пәтерде тұрғандықтан жұқтырмау мүмкін емес», - дейді Әсет Жұматаев.

Ауырғандардың 49-ы жүкті әйел болса, 78-і бала, соның ішінде 44 оқушы және 8 балабақша тәрбиеленушісі бар. Тұмауды жұқтырғандардың жартысына жуығы – Петропавл тұрғындары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға