Солтүстік Қазақстан облысында соңғы аптада тұмаумен ауырған адамдардың саны күрт өсті. Дәрігерлердің қабылдауына 46 жаңа науқас жүгінгені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта A/H3N2 типті тұмауға шалдыққандардың саны 91 адамға жеткен. Ал өткен аптада ЖРВИ-мен ауырғандар саны 5889 адамды құрады, бұл өткен аптаға қарағанда 34%-ға өскенін көрсетеді. Дегенмен мамандар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 3,4%-ға төмен екенін атап өтті. Қазан айынан бері облыста 24 мыңнан астам адам тұмау немесе ЖРВИ-ге шалдыққан, олардың 68%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.
Мамандар егер дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, тамақ ауруы немесе мұрын бітелу сияқты белгілер пайда болса, өздігінен емделуге болмайтынын ескертеді. Асқынған жағдайда өкпе қабынуы мүмкін, сондықтан емханаға қаралу немесе үйге дәрігер шақыру ұсынылады.
Балалар ауырған жағдайда оларды балабақша немесе мектепке жібермеу керек. ЖРВИ-ден қорғану үшін қолды жиі жуу, маска тағу, көп адам жиналатын жерлерге бармау, бөлмені желдетіп, тазалықты сақтау маңызды.

