Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ерекше балаларға арналған 7 мектеп жабдықталады

Солтүстік Қазақстанда ерекше балаларға арналған 7 мектеп жабдықталады
Фото: qazaqstanhalqyna.kz 03.03.2023 21:34 2300

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор бастауыш мектеп, қазақ және орыс тілдерінің кабинеттерін, слесарь-ағаш ұстасы шеберханаларын жаңартып, жабдықтады. Осы мақсатта 33 млн теңге бөлінді.

«Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты арнайы мектептерге тиісті көңіл бөлінбеді. Сондықтан оқу және түзету-дамыту жабдықтары жаңалауды қажет етеді, әрі балалардың ыңғайлы және қолжетімді ортада білім алуы үшін жағдай қажет. Қордың іске асырып жатқан бағдарламасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Қазақстан халқына» қорының Басқарушы директоры София Айсағалиева.

Солтүстік Қазақстан облысында қайырымдылық бағдарламасы аясында 7 арнайы мектеп жарақтандырылады. Бірінші кезең шеңберінде жалпы сомасы 94,2 млн теңгеге жуық 4 мектеп жарақтандырылады, оның ішінде «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Чкалов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Соколов арнайы мектеп-интернаты» КММ, «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған Ломоносов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КМ. Екінші кезең аясында «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп – интернаты» КММ, «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 арнайы түзету мектеп–интернаты» КММ және «Шөптікөл арнайы мектеп-интернаты» КММ жабдықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға