Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда екі жылда 21 сүт фермасы салынды

Облыстың тәжірибесі басқа өңірлерде енгізілуі мүмкін
Солтүстік Қазақстанда екі жылда 21 сүт фермасы салынды
Фото: egemen.kz 13.01.2023 06:24 1870

Екі жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 21 сүт-тауар фермасы салынды, деп хабарлайды El.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.  

Вице-министр Жеңіс Өсербайдың айтуынша, 2021 жылы СҚО әкімдігіне ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларға жеңілдікпен кредит беру үшін «Солтүстік» ӘКК жарғылық капиталын толықтыруға 15 млрд теңге бөлінген. Пилоттық жоба өңірде 17 жаңа өндіріс ашуға мүмкіндік берді, оның ішінде құс фабрикалары, қой фермалары, жылыжай кешендері және майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорндары бар.

ӘКК 2022 жылы 23 инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін тағы 20 млрд теңге алды: сүт-тауар фермалары, қой, құс, шошқа өсіру, майлы дақылдарды өңдеу, көкөністер мен картоп өсіру үшін су алу және беру инфрақұрылымын дамыту көзделді.

Екі жыл ішінде СҚО бойынша 21 сүт-тауар фермасы салынды, ал 2020 жылға дейін еліміз бойынша жыл сайын орта есеппен 2-3 сүт-тауар фермасы салынып келген болатын. Соның арқасында еліміз бойынша 584 мың тонна сүт немесе барлық сүттің 10,5%-ын  Солтүстік Қазақстан облысы өндіреді, - деді  вице-министр.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі СҚО тәжірибесін еліміздің басқа өңірлерінде енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл ішкі нарықты сүт өнімдерімен, құс етімен, маусымдық көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге негізгі борышты өтеу бойынша 24 ай жеңілдікті кезеңмен 2,5% сыйақы мөлшерлемесімен 10 жылға дейінгі мерзімге қарыз беру жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға