Солтүстік Қазақстанда 100-ден астам жылқы суға батып кетті
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
06.12.2022 11:41
1340
Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына қарасты Әлжан ауылында 107 бас жылқы суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мал 27 қараша күні жайылымнан жоғалып кеткен. Арада бірнеше тәулік өткенде жылқылар Барчи көлінен табылды. Кейбірі суға батып өлген. Ал аман қалғандарын тұрғындар көлден алып шыға алмаған. Ауылдық округ әкімінің хабарлауынша, арам өлген жануарлар 45 адамға тиесілі. Мамандар мұз қалыңдаған кезде ғана өлексе алынатынын жеткізді. Өйткені қазір айдынның үстімен техника жүре алмайды. Әзірге шығын көлемі есептелген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды