Жаңалықтар

Солтүстік Кореяда су тасқынына байланысты отызға жуық шенеунік өлім жазасына кесілді

Солтүстік Кореяда су тасқынына байланысты отызға жуық шенеунік өлім жазасына кесілді
Фото: AFP 05.09.2024 12:17 1150

Солтүстік Кореяда су тасқынымен дұрыс күреспеген шенеуніктер жаппай өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы айда олардың саны шамамен 20-30 адамды құрайды.

TV Chosun телеарнасының мәліметінше, өлім жазасына «су тасқынынан келетін залалдың алдын алмау» себеп болған. Ел көсемі Ким Чен Ын бұған дейін «өз міндеттеріне немқұрайлы қарағандарды» қатаң жазалайтынын, құрбан болғандарға солар тікелей жауап беретінін айтқан еді.

Айта кетейік, шілденің соңында Солтүстік Кореяның солтүстік-батысында толассыз жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласқан. Салдарынан 4,1 мыңнан астам үй мен ауылшаруашылық алқаптарының едәуір бөлігі зардап шекті. Кейбір деректерде мың жарымға жуық қаза болғаны айтылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға