Солтүстік Арал теңізін сақтауға Дүниежүзілік банк көмектеседі
18.07.2024 05:23
Фото:
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуде ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банктің гранты есебінен жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде.
Жоба үш негізгі бағыттан тұрады. Біріншісі – Солтүстік Арал мен Сырдария өзенінің саласындағы инфрақұрылымды дамыту және гидрологиялық жағдайын жақсарту. Екіншісі – Қызылорда облысындағы тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайды қолдау. Үшіншісі – су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасы мен жүйелерін жаңарту.
Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті. Екінші кезең су ресурстарын басқаруды жақсартуға, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуға, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыруға арналған, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

