Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда қайырымды жандар марапатталды

Солтүстік Қазақстанда қайырымды жандар марапатталды
03.01.2019 11:36 2794

Петропавл қаласында «Жыл қолдаушысы - 2018» облыстық форумы өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов өз құттықтау сөзінде іс-шараның барлық қатысушыларын гуманистік идеалдарға, рухани келісімге, достық пен этносаралық бірлікті нығайтуға жоғары қызмет көрсетіп келе жатқандары үшін алғысын білдірді.

Марапаттау рәсімінде Наиль Камильевич басқалардың мәселелеріне бей-жай қарамайтын, қол ұшын беріп, қамқорлық көрсететін, жүректерінің жылуын білдіретін азаматтарды атап өтіп, оларды Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Көптеген жылдар бойы «Қазақстанның кәріс қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Хан Евгений Викторович қайырымдылықпен айналысады. Мұқтаж, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғыз тұратын тұрғындарға көмек көрсетіледі.

Отбасы мен этномәдени бірлестіктерде қайырымдылық мәдениетін көтеру арқылы Евгений Викторович туыстарын және достарын қайырымдылық қызметіне тарта білді. Олар: «Моронбон» ЖШС-нің директоры - Хан Алексей Евгеньевич, «Ассамблея» Солтүстік Қазақстандық Корпоративтік қоры директорының орынбасары – Хан Наталья Геннадьевна, «Велт» ЖШС - ның директоры Дмитрий Кан.

«Дуслык» Солтүстік Қазақстан облысының татар-башқұрт қоғамдық орталығы» бірлестігінің төрағасы - Наиль Абраев қайырымдылыққа ерекше көңіл бөледі. Қайырымдылық іс-шаралары үнемі ұйымдастырылып, татар-башқұрт орталығының мүшелері балалар ауылдарына, ауруханаларға және емханаларға барады.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық Келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Әсемгүл Есқожаның идеясы арқасында 2018 жылы қайырымдылық балында ауыр сырқатқа шалдыққан балаларға 4 миллионнан астам теңге жиналды.

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін қатысушыларға концерттік бағдарлама ұйымдастырылып ұсынылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық қызметтің үйлестірушісі болып табылады, сондықтан оның қағидалары мейірімділік, өзара түсіністік және мейірімділік принциптеріне негізделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға