Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады El.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
26 тамызда облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 2-қабаттың терезесінен құлаған 2 жастағы қыз бала жеткізілген.
Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде. Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын әпкесінің қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды.
Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.
Тәртіп сақшылары жас балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды, ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салды.
Солтүстік Қазақстанда 2 жасар қыз терезеден құлап кетті
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады