Жаңалықтар

София Исакова Алматыда өткен іріктеу жарысында топ жарды

София Исакова Алматыда өткен іріктеу жарысында топ жарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 10.08.2024 00:22 378

Алматыдағы Gorky Tennis Park теннис орталығында жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос турниріне Орталық және Батыс Азия бойынша іріктеу сайысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қыздар арасында Алматы теннис мектебінің түлегі, 16 жастағы София Исакова жеңімпаз атанды. 

С.Исакова финалда ирандық Ясаман Язданиды 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. София осы дода барысында қарсыластарына бірде-бір сетті берген жоқ.

Бозбалалар арасында тағы бір қазақстандық Арсений Требухин шешуші бәсекеде өзбекстандық Ахмаджон Тошмұхамедовке жол берді – 6:7 (2:7), 2:6. 

Осылайша, Исакова, Яздани, Требухин және Тошмұхамедов биылғы 16-20 қазанда Жапонияда өтетін іріктеу турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға