Жаңалықтар

Жол апаты салдарынан бір тәулікте 20 адам қаза тапқан

Бұл туралы Комитеттің жол қауіпсіздігі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ІІМ-нің подкастында айтты
Жол апаты салдарынан бір тәулікте 20 адам қаза тапқан
Фото: pixabay.com 19.07.2022 14:51 2101

Бір тәулікте жол апатынан 20 адам қаза тапқан, – деп хабаралайды El.kz порталы baq.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Комитеттің жол қауіпсіздігі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ІІМ-нің подкастында айтты. 

– Біз бір ай бойы «Жол қауіпсіздігі» акциясын өткізіп отырмыз. Автокөлікке отырған кезде әрбір жүргізуші өзі мен өзгенің өміріне жауапты екенін білсе, мұндай акциялар болмайтын еді. Соңғы тәулікте 20 адамның өмірі қиылды. Оның өзі статистика болып есептелгенімен, ол өте ауыр трагедия. 8 адам қаза болып, 9 адам жарақат алды. Оның ішінде балалар бар. Бұл жерде әрбір жүргізуші адам өміріне жауапты екеніне жауапкершілік алуы керек, – деді Боранова. 

Ол атағандай, егер әр жүргізуші саналы түрде көлік жүргізсе, бұл қайғылы оқиғалар болмайтын еді. 

– Жүргізушілер жол тәуекелдің аймағы екенін білуі керек. Көліктер болмай, жол таза болса да, жүргізуші сақтықта болуы керек. Еңбек өтілі аз жүргізуші болса, ол шынайы жағдайды барынша игере алмайды. Жолдан кездейсоқ жануарлар да шығып қалуы мүмкін. Одан ешкім сақтандырылмаған, –деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға