Жаңалықтар

SMIPE отандық масс-медиа әлемін өзгертеді

Масс-медиа саласындағы стартап
26.11.2014 04:07 4140

Қазақстанда масс-медиа саласындағы зерттемелер соншалықты көп емес. «SMIPE» стартап-жобасының авторлары үшін бұл кедергі болмады, керісінше осыған дейін ешкім жасап көрмегенді істеу үшін ынталандыру іспеттес болды. Әзірге жобаның тек «пилотты» нұсқасы ғана іске қосылды, алайда оның идеялық шабыт берушілері мен зерттеушілері ауқымды жобалар күтуде. Зерттеме авторлары өз командасының алдына масс-медиа әлемін өзгерту бойынша амбицияға толы міндетті қойып отыр. Ол кім үшін жасалған? «SMIPE» жобасы – журналистер мен public relations (қоғаммен байланыс) мамандары үшін жасалған Қазақстандағы алғашқы стартап. Бұл жай пайдалы ақпараты бар сайт қана емес – бұл толығымен БАҚ және баспасөз қызметінің сондай-ақ осы қызметпен байланысы бар салалардың жұмысына келтірілген сервис.  «SMIPE» виртуалды редакциялар мен баспасөз кеңселерінің жұмысын құруға арналған алаңды елестетеді. Сервис редакция және баспасөз қызметінің басшыларына өз командаларының жұмысын ыңғайлы құралдардың көмегімен ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ масс-медиа нарығына қатысушыларға өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндіктер ұсынады. Бұл ыңғайлы сүзгілері бар құлақтандырмаларды және баспасөз-релиздерін жариялау, онлайн аккредитация сервисі, кәсіби мамандардың ыңғайлы мәліметтер базасында қызметкерлерді іздеу. «SMIPE» фрилансерлер үшін де зор мүмкіндіктер ашады. Үнемі қызықты ұсыныстарды іздеп жүретін журналистика мен іргелес мамандықтардан тыс «Еркін суреткерлер» қызықты бос орындар туралы дәл осы жерде мәліметтер ала алады. Фрилансқа сервисте бүтін бір бөлім арналған. Өздерінің жеке аккаунттарында пайдаланушылар түйіндеме, ең көрнекті жұмыстары бар портфолиоларды орналастырып, бағалаулар мен пікірлер алуына мүмкіндік беріледі. Бағалау жүйесі тапсырыс берушіге айтарлықтай сәйкес келетін маманды таңдауда көмектеседі, сондай-ақ жұмыс іздеушілердің өздеріне де беделі пайда әкелетіндей деңгейге шығуына жәрдемдеседі. Материалдарға тапсырыс беру сервисі қашықтық пен географиялық орналасуына байланыссыз тиісті сапасы бар материалды қысқа мерзім ішінде алуға жәрдемдесе отырып, БАҚ редакциялары мен баспасөз қызметтері үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді. Қазіргі кезде өзекті функционал жүзеге асырылған сервистің beta-нұсқасы іске қосылды. Масс-медиа мамандарына арнайы жасалған жобаның толық нұсқасында авторлар одан да көп пайдалы және қолайлы құралдар болады деп уәде етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға