Жаңалықтар

Смайылов полиция жұмысын цифрландыру барысымен танысты

Смайылов полиция жұмысын цифрландыру барысымен танысты
Фото: t.me/KZgovernment 29.08.2023 09:00 910

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Смайлов қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану; жалпы полиция жұмысын цифрландыру барысымен; жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Ведомство басшысы Марат Ахметжановтың баяндауынша, Ішкі істер министрлігі республикадағы қалалардың көшелері мен қоғамдық орындарында «толық қамту» принципімен бейнебақылаулар енгізуде.

Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамералар арқылы 6 мың қылмыс ашылды, 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген.

Цифрландыру арқылы тиісті мемлекеттік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға болатынына талай рет көзіміз жетті. Нәтижесінде, еңбек өнімділігі артып, жемқорлық фактілері азаюда. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы Ішкі істер министрлігі де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Енді мұны аймақтарда одан әрі кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарыментанысты.

Атап айтқанда, оқу орындарында орнатылған бейнекамералардағы жазбалар мен дабыл түймешелерінің сигналдарын жедел басқару орталықтарына және  полицияның кезекші бөлімшелеріне шығару барысы көрсетілді.

Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камералары 7 600мектепте орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы «Цифрлық полицей» жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады.

Сондай-ақ премьер-министрге полицияға жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектесетін «Қорғау» жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндалды.

Әлихан Смайылов тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту шараларын жүзеге асыру барысымен, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарының нәтижесімен және CyberPol интернет-алаяқтықпен күрес жөніндегі жобаментанысты.

Сонымен қатар кадрлық процестерді автоматтандыру қорытындысы, жедел-қызмет, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға