Жаңалықтар

Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz 09.02.2023 20:15 1023

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қатысушылар көлік, мұнай өңдеу және ақпараттық коммуникация салаларындағы кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін талқылады.

Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді


Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға қаралып отырған активтерге қатысты тексеру іс-шараларын жалғастыруды, сондай-ақ олардың кейбіреулерін жеке меншікке берудің заңдылығы тұрғысынан аудит жүргізуді тапсырды.

Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өңдеу кәсіпорындарына логистикалық және сервистік қызметтер көрсететін доминант компаниялардың тарифтерін реттеу жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ел заңнамасына сәйкес қажетті рәсімдерді тездетіп аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға