Жаңалықтар

Смайылов: Қазақстан Үкіметі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын

Смайылов: Қазақстан Үкіметі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын
04.07.2022 22:06 1638

Екатеринбург қаласында XII «ИННОПРОМ» Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды El.KZ.  

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі биыл біздің ел – «ИННОПРОМ» көрмесінің серіктесі, осыған байланысты қазақстандық тараптан мемлекеттік сектор мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінен құралған ресми делегация келіп отырғанын айтты. 

Смайылов: Қазақстан Үкіметі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын

Біздің компаниялар өздерінің әзірлемелерін көрсету, тиімді және перспективалы іскерлік байланыстар орнату үшін берілген мүмкіндікті толық көлемде пайдаланады деп санаймын, — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара мемлекетаралық байланыстар жоғары деңгейде екенін атап өтті. Екіжақты қарым-қатынастың ерекше сипаты мемлекеттер басшылары кездесулерінің жоғары қарқынымен де расталып отыр. 

Қазақстан Үкіметі экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша белсенді диалогқа дайын, — деп атап өтті Әлихан Смайылов. 

Смайылов: Қазақстан Үкіметі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайынРесей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы үштен бірге өсіп, $24,2 млрд-қа жетті. Бұл – Қазақстан-Ресей саудасы үшін рекордтық көрсеткіш. 

Осы жылы оң динамика сақталуда – қаңтар-мамыр айларында өзара сауда 5%-ға өсіп, $9,2 млрд-ты құрады. 

Елдеріміз арасындағы көпжоспарлы экономикалық байланыстарды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Екіжақты өзара іс-қимылдың және сауда айналымын ұлғайтудың кең ауқымды мәселелерін шешуде Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясы ерекше рөл атқарады. Бұл тұрғыда экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын уақтылы іске асыру маңызды, — деді ҚР Үкіметінің басшысы. 

Смайылов: Қазақстан Үкіметі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайынӘлихан Смайылов өнеркәсіптік кооперация Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі екенін айтты. 

Осылайша, өнеркәсіп саласындағы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде $437,8 млн-ға 13 ірі кооперациялық жоба және $3 млрд-қа 9 жаңа жоба іске асырылды. 

Бұл жұмыстың тиімділігін төмендетпеу маңызды. Қазақстан үкіметі барлық бағыттар бойынша Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін көп жоспарлы жұмысты жалғастыруға ниетті, — деп түйіндеді ҚР Премьер-Министрі.

Өз сөзінде Михаил Мишустин Ресей Үкіметінің Қазақстанмен достық пен әріптестікті одан әрі нығайтуды сөзсіз басымдық ретінде қарастыратынын атап өтті.

Смайылов: Қазақстан Үкіметі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын

Біздің ынтымақтастық уақытпен тексерілген және сыртқы сынақтарға төзімділігін бірнеше рет дәлелдеген, — деді М. Мишустин.

Кездесу барысында Үкімет басшылары кең ауқымды мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық, көлік және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға