Жаңалықтар

Смақов кетіп, Карпович келді: «Елімайға» жаңа бас бапкер тағайындалды

Смақов кетіп, Карпович келді: «Елімайға» жаңа бас бапкер тағайындалды
Фото: instagram.com/fc_elimai 08.11.2023 09:05 977

Андрей Карпович енді «Елімайдың» жаңа бас бапкері қызметін атқарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Елімай» футбол клубы Андрей Владимирович Карповичпен келісімшарт жасасқанын ресми хабарлайды. 
Карпович – «Елімайдың» түлегі, 1998-2000 жылдары семейліктердің намысын қорғап, ел чемпионы атанған болатын. Жаңа бапкерімізге тек сәттілік тілеп, командамызға қайта оралуымен құттықтаймыз, - делінген мәліметте.

42 жастағы маман бұған дейін Алматының «Қайрат», Көкшетаудың «Оқжетпес» және Петропавлдың «Қызыл-Жар» клубтарында жұмыс істеген. Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған.

Соңғы екі маусым «Ақтөбе» бас бапкері болып, «ақ-қызылдармен» бірге ел біріншілігінде күміс және қола жүлделерге жеткен.

Ал бұған дейін клубтың бас бапкері болған Самат Смақов орнын босатуға мәжбүр болды. Клуб оның PRO лицензиясының болмауына байланысты осындай шешім қабылданғанын алға тартқан. 

Бүгінде клубымыз бірінші лигадағы жорығын бірінші орынмен тәмәмдады. Келер жылы клуб ҚПЛ-да өнер көрсететіндіктен, Самат Смақов жаттықтырушы қызметін атқара алмайды. Себебі футбол ережесіне сәйкес бас жаттықтырушыда болуы тиіс PRO лицензиясы жоқ, оны алу үшін ұзақ уақыт қажет. Ал ҚПЛ маусымы оны күтіп тұра алмайды, - делінген еді.

Сонымен қатар актер Рүстем Омаров семейлік клубтың даму жөніндегі жаңа директоры болып тағайындалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға