Жаңалықтар

Скляр: Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі

Скляр: Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.09.2023 16:28 1125

Елордада неміс-қазақ бизнес форумы өтіп жатыр. Аталмыш іс-шарада сөз сөйлеген премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Қазақстан үшін Еуроодақтағы негізгі экономикалық әріптес екендігін тілге тиек етті, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап тұрақты, сенімді және сындарлы диалог қалыптасқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі болып отыр. Бұл ел біздің өңірмен жасап отырған сауданың 80%-дан астамы Қазақстанға тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 2,8 млрд доллар болған. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 5% жоғары. Мұндай динамика бірлескен жобаларды іске асырудағы оң үрдістердің арқасында мүмкін болды, – деді премьер-пинистрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 1 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған компания барын айтты. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін неміс бизнесімен тығыз қарым-қатынас орната отырып, белсенді жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға