Жаңалықтар

Өскеменде өткелден секірмек болған жігіт құтқарылды

Ер адам ашуға булығып, айқайға басып, төменге секіретіндігін айтып қорқытқан.
Өскеменде өткелден секірмек болған жігіт құтқарылды
Фото: inform.kz 31.07.2022 01:22 1348

Өскемен қаласында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінен секірмек болған 23 жастағы жігіт құтқарылды, деп хабарлайды El.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 шілде күні түнгі уақытта 112 қызметіне қоңырау шалған азамат Спорт сарайының маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің шатырына шығып алған белгісіз біреудің суицид жасауға оқталғаны туралы айтты. 

Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті. 

– Өткелге шыққан олар 23 жастағы жігіттің қасына таяп, әңгімеге тарта бастады. Алайда ер адам ашуға булығып, айқайға басып, төменге секіретіндігін айтып қорқытқан. Ұрымтал сәтті пайдаланған ТЖД қызметкерлері оның үстіне сақтандыру арқанын байлап үлгереді. Содан кейін жігіт баспалдақпен төмен түсірілді, - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға