Жаңалықтар

Өскеменде қолөнершілердің шебер туындылары ұсынылған көрме өтті

Өскеменде қолөнершілердің шебер туындылары ұсынылған көрме өтті
02.10.2019 12:15 4625

Өскемендегі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы демалыс күндері қала тұрғындары үшін есігін айқара ашты. Себебі, Достық үйі жанындағы «Белая сова» шығармашылық бірлестігі облыстың талантты қолөнершілерінің туындыларын бір шаңырақ астына жинады.

Өскеменде қолөнершілердің шебер туындылары ұсынылған көрме өтті

Көрмеге тоқымадан, ұсақ моншақтардан жасалған, ағаштан ойылған түрлі қолөнер бұйымдары қойылды. Одан бөлек көзмоншақ, бойтұмарлар және қолдан жасалған сабындар бар. Қала тұрғындары естелікке бұйымдар сатып алып, ұтыс ойынына қатысты.

Өскеменде қолөнершілердің шебер туындылары ұсынылған көрме өтті

Балаларға арнап шеберлік сағаттары өтті. Олар түрлі бұйымдардың жасалу техникасымен танысты. Күні бойына созылған көрмеде шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, әуезді әнмен әуелетіп, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Өскеменде қолөнершілердің шебер туындылары ұсынылған көрме өтті

Соңында тұрғындар алтын күзге арналған шеберлер жасаған фото бұрышқа суретке түсті. Құрамында 100-ден аса қолөнер шебері бар бірлестік аталмыш көрмені дәстүрге айналдырған.

Өскеменде қолөнершілердің шебер туындылары ұсынылған көрме өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға