Жаңалықтар

Өскеменде казак мәдениетінің II фестивалі өтті

Өскеменде казак мәдениетінің II фестивалі өтті
04.12.2018 12:23 2165

Өскеменнің Достық үйінде ІІ казак мәдениетінің «На Николу зимнего» атты фестивалі өтті. 

Фестивальді славян мәдениеті қоғамы мен «Иртышский форпост» казактар қауымдастығы және облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырды.

Концертте «Сполох» казак ән-би ансамблі (Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі), «Товарки», «Русская песня», «Барвинок», «Поречье» (Павлодар қ.), «Истоки», «Весняночка», «Ладушки», «Братцы», «Вдохновение», «Казаки Прииртышья» (Семей қ.), «Свиточ» ансамбілдері, «Арабеск», «Хай-тек» хореографиялық ансамбілдері және казак частушкаларын орындаушы жас әртіс Георгий Бочаров өнер көрсетті. 

Фестивальде казактардың «Постриг» және «Проводы на службу» салт-дәстүрлерінен үзінділер көрсетілді.

Айта кетейік, бір жыл бұрын фестиваль «На Николу зимнего» атты атауға ие болды. Себебі, бұл күндері сібір казактары өздерінің әскери мерекелерін атап өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға