Жаңалықтар

Өскеменде Қазақстан мен Ресей ғалымдары этнодемографиялық үрдістерді талқылады

Өскеменде Қазақстан мен Ресей ғалымдары этнодемографиялық үрдістерді талқылады
25.09.2019 15:30 1932

С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетінде еліміз бен Ресейдің жетекші этнодемография мамандары қатысқан «Қазақстандағы және шекаралас аумақтардағы этнодемографиялық үрдістер» XVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 Өскеменде Қазақстан мен Ресей ғалымдары этнодемографиялық үрдістерді талқылады

Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков келер жылы конференцияны Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өткізуді ұсынды.

«Мұндай конференцияның Қазақстанда 30 жыл бұрын алғаш рет Достық үйін құрған Өскеменде өткізілуі жайдан жай емес. Ал келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толады. Келесі жылы осы мерейтой аясында арнайы конференция өткізуді ұсынғым келеді», – деді «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Э. Төлеубеков.

Өскеменде Қазақстан мен Ресей ғалымдары этнодемографиялық үрдістерді талқылады

Конференцияда демография, этнология, археология, тарих, география, әлеуметтану мәселелері қаралды.

Барлығы 50-ден астам баяндама жасалмақ. Нәтижесінде ғылыми мақалалар жинағы шығарылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға