Өскеменде қаз еттерін жинайтын уақытта тойланатын татарлардың «Казөмәсе» мерекесі аталып өтті
Өскеменнің Достық үйінде ежелгі заманнан бері келе жатқан татар халқының басты дәстүрлерінің бірі – «Казөмәсе» мейрамы аталып өтті.

Бұл қысқа қамданып, қаз еттерін жинайтын, сондай-ақ, келешекте қыз баланың жасауына берілетін көрпе-жастық даярлайын шақ. Татарлар басқа ұлттар сияқты қысқа көтеріңкі көңіл-күймен дайындалып, думандатып атап өтеді.

Мерекелік бағдарламада ұлттық әндер шырқалып, шығармашылық ұжымдар мың бұрала би биледі. Татар халқының ұлттық нақышта тігілген киімдері көздің жауын алады. Ал, жайылған дастархандағы қаз етінен жасалған ұлтық тағамдар тіл үйіреді.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

