Жаңалықтар

Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті

Тәртіп сақшылары оның қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге полицияға хабар беруін сұрайды
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Фото: ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі 15.08.2022 10:05 932

Өскемен қаласында аутизмге шалдыққан бала түнде үйден шығып кетіп, жоғалып кетті,– деп хабарлайды El.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтты. 12 жастағы Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады.

«Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Сонымен қатар іздеуге құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық Ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған. Қазіргі уақытта олар үйлер мен аулаларды аралап тексеруде. Квадрокоптермен де іздеу жұмысы жүріп жатыр» делінген ақпаратта.

Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар, жасыл тәпшіке болған. Тәртіп сақшылары оның қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге полицияға хабар беруін сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға