Жаңалықтар

Өскеменде алғашқы рет белорус мәдениетінің фестивалі өтті

Өскеменде алғашқы рет белорус мәдениетінің фестивалі өтті
28.10.2018 12:41 1874

Өскемен қаласындағы Достық үйінде белорус мәдениетінің «Ад минулага да сучаснага» атты фестивалі тұңғыш рет ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталмыш мерекелі шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында өткізілуде.

Іс-шараға Павлодар қаласының және Шемонаиха ауданының шығармашылық ұжымдары, ШҚО ҚХА өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Фестиваль кезінде белорус әндері мен билері орындалып, сонымен қатар қонақтарға балалар шығармашылығы мен ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылды.

«Облыстық фестиваль - біздің еліміздің мәдени кеңістігінде Шығыс Қазақстанның ерекше шығармашылық тәжірибесі болып табылады. Белорус мәдениетінің фестивалі бізде алғаш рет өткізілуде. Менің ойымша, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін келешекте бұл фестиваль халық өмірін дамытуға, мәдени өмірдің ажырамас бөлігі болып, руханияттың жандануына өз үлесін қосатын болады», - деп «Крынічка» ансамбілінің өкілдері ойларымен бөлісті.

Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға