Жаңалықтар

Данышпан бала тәрбиелеу құпиясы

Ақыл жастан...
Данышпан бала тәрбиелеу құпиясы
01.06.2018 16:39 9173

Әрбір ата-ана баласының ақылды әрі парасатты адам болып өскенін қалайды. Баланы данышпан етіп тәрбиелеудің түрлі әдістемесі бар. Сол әдістердің ең тиімді әрі пайдалы нұсқасы турасында айтып берейін.

Қостілді-бала неге ақылдырақ болады?

Қос тілде сөйлейтін кішкентай балалар бір тілді ғана қолданатын өз қатарластарымен салыстырғанда когнитивтік басымдыққа ие. Яғни, екі түрлі тілде тілі шыққан бүлдіршіндер проблемалар мен тапсырмаларды жақсы шеше алады. «Балаларда туындайтын не проблема бар» деп ойлайтын шығарсыз? Ондай дағды оның тез дамуына ықпал етпек. Қос тілділіктің бала болашағына тигізер пайдасы орасан.

Біз мұны қайдан білеміз?

Көптеген зерттеулер дәлелдегендей, бірнеше тілде еркін сөйлейтін адамдардың ми аралықтарындағы коммуникация жүйесі жақсы дамыған, олар жоспарлауда, аналитикалық ойлауда және тапсырманы шешуде алдарына жан салмайды. Бірақ, мұның барлығы тек ересектерге жүргізілген зерттеу болатын.

Вашингтон университетінің ғалымдары 11 айлық 16 балаға арнайы зерттеу жүргізді. Олардың 8-і тек ағылшын  тілінде сөйлейтін отбасыда тәрбиеленсе, тең жартысы ағылшын мен испан тілінде сөйлейтін отбасы балалары болды. Зерттеу дәлелдегендей қостілді-балалардың миы испан және ағылшын тілінде белсенді фонетикалық ақпараттарды өңдей бастаған. Ал тек ағылшын тілінде сөйлесетін отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар испан тілін тек фондық шуыл ретінде ғана қабылдаған.

Бұдан аңғаратынымыз, бала сөйлеуге дейін сөздерді есту арқылы тани түседі. Қостілді-балалар ағылшын не испан тілін қабылдай отырып, өзгеше неврологиялық реакция көрсеткен. Ғалымдар префронтальды және орбитофронтальды қабаттардың (аналитикалық қабілеті мен шешім шығаруға жауап беретін ми бөліктері) белсенді жұмысын тіркеген. Ал бір тілді балалардың бұл зонасы мүлде жауап қатпаған.

Бұл нені білдіреді?

Бала екі тілді естігенде оларды бір-бірінен айыруды үйренеді. Танымдық мәселе осында жатыр. Дәл осы арқылы префронтальды және орбитофронтальды  қабаттар жұмысы жандана түседі. Бүлдіршін осы зоналарды пайдалану арқылы аналиткалық ойлауы мен шешім шығара алу қабілетін жақсартады.

Сондықтан билингвал-балалар тек екі тілді меңгеріп қана қоймай, қоршаған ортану тану қабілеті мен басқа да когнитивті икемділікке үйренеді.

Мұндай балалар ми аралығындағы байланыстарды жақсартып, ойлау жүйесінің керемет икемділігіне жол ашады. Болашақта да кез келген кесе көлденең кезіккен мәселелерден оңай жол тауып, табысты болмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға