Жаңалықтар

«Қызыңыз жол апатына түсті»: Қостанайда тұрғындарды 80 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ анықталды

«Қызыңыз жол апатына түсті»: Қостанайда тұрғындарды 80 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ анықталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.07.2023 12:15 1179

Қостанайда «CyberPol» қызметкерлері тұрғындарды 80 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қаланың 6 тұрғынынан арыз келіп түскен. Олардың барлығында қаскөй «сіздің қызыңыз жол көлік апатына түсті» деген дәстүрлі схеманы пайдалана отырып алдаған. Шығын 20 млн теңгеден асқан.

Тергеуге «CyberPol» бөлімшесі мен Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.

Жәбірленушілердің дені зейнеткерлер, олар өз үйлеріне келген курьер қызға ақша беріп жіберген. Оның сыртқы келбеті туралы сипаттамалар әртүрлі болды. Қыз жасанды шаш ауыстырып отырған. Сонымен қатар, қара көзілдірікті және әртүрлі бас киімдерді қолданған. Алаяқ Қостанай қаласы қоңақүйлерінің біріндегі люкс номерінде ұсталды. Одан 800 мың теңге тәркіленді. Ал қалған қаражатты қымбат телефон, заттар мен ойын-сауық құралдарын сатып алуға жұмсаған, - деді Шұғыла Тұрлыбек.  

Тергеу жалғасып жатырғанын айтты.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға