Жаңалықтар

«Сізді түсіну өте қиын»: Аймағамбетов Денсаулық сақтау вице-министрінің жауабына шүйлікті

«Сізді түсіну өте қиын»: Аймағамбетов Денсаулық сақтау вице-министрінің жауабына шүйлікті
Фото: Коллаж El.kz 10.06.2024 14:44 2816

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржыны 20 пайызға қысқарту туралы шешім қабылдаған болатын. Осы мәселеге байланысты денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев тиісті бұйрыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Тимур Сламжанұлы, жаңағы сұраққа жауап берсеңізші. Дайындалып қойғанды оқығаннан ештеңе шықпайды. Әріптестеріңізге оның бәрін айтқызып жатсыздар. Егер бір дәрі 1,9 млн теңге тұрса, енді оның емделуіне кететін қаражат 1,4 млн теңге болатын болса, біз математиканы білеміз ғой, сондықтан оны айтып керек емес. Оны барлығымыз түсіндік. Сіздер нақты айтыңыздар. Бұл бұйрық қайта қарала ма, қаралмай ма?, - деп сұрады Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы көшпелі отырысында.

Вице-министр бүгінде онкологиялық қызметтің тарифтерін нақты шығындар негізінде реттеу процесі басталғанын түсіндірді.

Тексеріс кезінде онкологиялық диспансерлердің қаражатында 30 млрд-тан аса қаражат бар екенін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде де сол қаражат бар. Біздің негізгі мақсатымыз – сапалы және қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз ету. Тарифтерді қалыптастыру кезінде тарифке рентабельділік, кредиторлық берешектің, күрделі шығындардың жабылуы көзделмегенін айтқым келеді. Қазір онкологиялық қызметтің тарифтерін нақты шығындар негізінде реттеу процесі басталды және 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін медициналық ұйымдардағы нақты шығындарды ескере отырып, жаңа тарифтер болады, - деп жауап берді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Вице-министрдің бұл жауабы Асхат Аймағамбетовке ұнамады.

Бізде белгілі бір дайындықтың болғанына қарамастан, сіздің айтқаныңызды түсіну өте қиын, - деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға