«Сіздер заңды белден басып отырсыздар». Депутат Қаржы министрлігінің жұмысын сынға алды
Мәжілісте қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил «Мемлекеттік сатып алу» туралы заң жобасын таныстырды. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов заңдағы бірқатар кемшіліктерге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, заң жобасында 25 бап бар. Бірақ кейбір мәселелерді заң жүзінде қайта қарастыру керек.
Осы тұста Нұртай Сабильянов Қаржы министрлігі заңды қабылдағанымен оны дұрыс орындамайтынын айта кетті.
Ауылдық елді-мекендерде әкімдердің 10 млн-нан асатын бір көзден сатып алуына не бөгет болып отыр? Ол қазірдің өзінде заңда бар. Ауыл әкімі 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір көзден сатып алуды жүзеге асырады. Бірақ заң бар, оны орындауға Қаржы министрлігі оған мүмкіндік бермей отыр. Неге? Қазақстанда 6000 ауыл болса, солардың барлығының сұрап отырғаны сол. Сіздер заңды белден басып отырсыздар, ол орындалмайды, оған рұқсат бермей отырсыздар. Сонда Парламент қабылдаған заңды Қаржы министрлігі орындамай отыр. Олай болмау керек», - деп ескерту жасады депутат.