Жаңалықтар

Сіз қандай дәрумен тұтынып жүрсіз?

Сіз қандай дәрумен тұтынып жүрсіз?
Фото: © El.kz 19.11.2021 12:05 15517

 

Дәруменді-минералды кешендерді тұтыну мәселесі диетология мен нутрициология әлеміндегі ең даулы тақырыптардың бірі. Бір жағынан, жүздеген ғылыми еңбектер дәрумендерді өмір бойы күн сайын ішу қажет деп тапса, екінші жағынан, кейбір медицина мамандары бұл ұсынысты жоққа шығарады. Десе де ағзаға қосымша дәрумен қабылдау арқылы үнемі қолдау қажет. Дәрумендер адам ағзасына аса қажет минералдар екенін ешкім жоққа шығармасы анық. Витаминдер суда еритін (В және С) және майда еритін (A, D, E, K) болып бөлінеді. Олар организмдегі метаболикалық процестерді реттейтін ферменттер мен гормондардың бөлігі деп айтсақ орынды. Дәрумендердің басым көпшілігі адам ағзасында синтезделмейді, сондықтан олар үнемі және жеткілікті мөлшерде тамақпен немесе витаминді-минералды кешендер мен тағамдық қоспалар түрінде ағзаға сіңеді.

 

Ал, енді өзіңіз тұтынып жүрген дәрумендердің құрамына зер салып, сапасына, халал немесе харам екендігіне көңіл аударып көрдіңіз бе? Дәл осы мәселе хақында нутрициолог дәрігерлер жиі мәселе қозғап жүр, құрамына мән беру керектегін үнемі айтып жүр, жазып жүр. Бүгін біз Техас Техникалық Университетінде Химия Инженерия мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған, қазіргі кезде сол мамандық бойынша аталған университетте PhD оқып жатқан отандасымыз Даулетов Ербол Абайұлының дәл осы дәрумендердің құрамы туралы зерттеу пікірін ұсынғанды жөн көрдік. Ербол мырза Instagram әлеуметтік желісінде блог жүргізіп, өз аудиториясын өте құнды әрі сапалы контентпен қамтамассыз етіп жүр.

 

Ербол Абайұлы аталмыш университетте тұмауға қарсы вакцинаға қажетті материал дайындау бағытында ғылыми қызметкер. Тағам, дәрумен, тұрмыстық химия және т.б. үйге қажетті заттардың химиялық құрамына талдау жұмысын жүргізеді.

 

Дәрумендердің халал немесе харам мәселесі бойынша кейіпкеріміз төмендегідей талдау жасайды:

 

«Кез-келген өнеркәсіптің мақсаты аз шығындалып қысқа уақыт ішінде үлкен табысқа кенелу. Ол мақсатқа әр түрлі жолмен жетуге болады. Бірі сапа мен қауіпсіздікке аса мән бермей арзан тауар өндіру арқылы. Екіншісі сапа мен қауіпсіздік мәселесінде ыждахаттылықпен іс атқарып, баяу болса да түбінде мақсат қойған дүниеге қол жеткізу. Алғашқы түрлі өнімдердің өте көп, ал соңғысын табу кейде қиыншылық тудырады»,- дейді Ербол мырза.

 

Автор бұл мәселені биологиялық активті қоспаларды өндіргенде де байқауға болатынын алға тартады. Баса назар аударатын негізгі мәселе ол – өнімдердің халалдығы екенін тілге тиек етеді. Ербол мырзаның айтуынша, кейбір өнеркәсіптер құрам тұрғысында тұтынушыларымен ашық қарым қатынас құрса, ендігілері өнімдері жайында көп мәлімет бермейді. Соңғы жағдайда өндірушінің тұтынушыдан жасыратыны бар деп қорытынды жасауға болады.

 

«Витаминдерді таңдағанда негізгі екі мәселені, өнім өндіруде қолданылатын шикізаттың жануар өнімі (терісі, еті, сіңір, сүйек, қан секілді қасапқана қалдықтары) мен шарап өндірісінің қалдығынан алынуын айтуға болады. Және келесі мәселе таза шикізат халал болғанымен өндіріс кезінде халал емес өнімдермен аз мөлшерде құрамның бүлінуі.

 

Енді нақтырақ қарастырып, БАД құрамындағы қосымша ингредиенттерден бастасақ. Әдетте эмульгатор және тәттілендіргіш ретінде қолданылатын глицерин (глицерол) мен капсула және мармелад секілді дәрумен жасауда қолданылатын желатин бізге мысал бола алады. Бірі жануар майынан алынса, екіншісі шошқа немесе сиырдың терісі, сіңірі, шеміршек пен сүйегінен алынады. Бұлар халал сойылған мал өнімінен алынса қолданысқа жарайды. Болмаса глицериннің өсімдік майынан алынғандығы жайындағы мәліметті қаптама сыртынан іздеңіз.

 

Ол мәлімет кейде жазылмай веган белгісі ғана қойылады. Бұл жерде глицериннің зиянды синтетикалық түрі қолданылған болуы мүмкін, анығын білу үшін өндірушіге телефон шалыңыз немесе хат жазыңыз. Ал желатин орнына пуллулан немесе целлюлоза түрлерінен алынған капсула қолдануға болады. Пуллулан капсуласы денсаулық тұрғысынан артықшалыққа ие»,- дейді кейіпкеріміз.

 

Осылайша автор биологиялық активті қоспалардағы халалдығы тұрғысынан күмән тудыратын ингредиенттердің тікелей не жанама түрде жануар өнімі немесе алкоголь өндірісінің ( шарап, сыра) қалдықтарынан алынатынын айтады. Ербол мырзаның пікірінше, бұл шикізат көздері арзан және қол жетімді. Өнімнің арзан болуына тікелей қатысы бар.

 

Енді осы мәселені нақтырақ талдау үшін автор келесідей мысалдар келтіреді:

 

«Көптеген тәттілерге қосылатын тартар қышқылы мен оның тұздары шарап (вино) өндірісінің қалдығынан алынады. Бұлар: тартар қышқылы (Е 334), натрий тартраты ( Е 335) , калий тартраты (Е 336), натрий- калий тартраты (Е 337), метатартар қышқылы ( Е 353), кальций тартраты (Е 354) және тағы басқалары. Тартар деген сөзді көрсеңіз халалдығына күмәндану негізді болмақ. Мульти витаминдер мен В-комплексті витаминдер қосылатын Холин Битартраты тартар қышқылынан алынатынын есте сақтаңыз. Биологиялық активті қоспаларды таңдағанда тағы бір мән берілетін нәрсе ашытқының (пивные дрожжи) қосылуы. Бұл ашытқылар кейде сыра өндірісінен кейін қалатын қалдықтан алынады. Наубайхана ашытқысы деп арнайы жазылмаса, сыра өндірісінен қалған ашытқы болуы әбден мүмкін. Бұл ереже ашытқы экстрактісі, аутолизденген ашытқы деп келетін қоспаларға да қатысты.

 

Өндіріс кезінде халал емес заттармен аздап бүлінетін заттардың бірі сүт қышқылы мен сүт қышқылының өнімдері (мысалы, кальций лактаты). Бұл өнімдер халалдығы тұрғысынан күмәнді болатын лактозадан алынуы мүмкін. Сол себепті аталған қосылыстар витамин құрамында келсе, веган белгісі барын алыңыз»,- деп кеңес береді Ербол Абайұлы.

 

Дәрумендер синтетикалық немесе табиғи деп бөлінетінін бірі білсе, бірі білмеуі мүмкін.

 

– Синтетикалық витаминдер аурудың алдын алу бойынша сондай-ақ биологиялық әсері мен қосымша жанама кері әсерінің аз болуы жағын қарастырсақ, табиғи түріне қарағанда біраз кемшіліктері бар. Дегенмен де бұл синтетикалық витаминдер мүлде қажет емес деген сөз емес. Синтетикалық витаминдерді шұғыл жағдайда, дәрумендердің көп мөлшерде жетіспеушілігінде және табиғи түрі болмаған жағдайда ғана қолдану қажет,- дейді Ербол мырза.

 

Дәл осы мәселені тереңірек қарастырып көрейік.

 

«Синтетикалық витаминдерде табиғи өнімдердегідей жасунық (клетчатка), тасымалдаушы қосылыстар, флаванойд, фермент, минералдар, басқа да витаминдердер секілді қосымша заттар болмайды. Бұл қосымша компоненттердің синтетикалық витаминдерде болмауы олардың табиғи өнімдер секілді адам ағзасында сіңірілмейтінін көрсетеді. Яғни жасанды витамин түрлері жылдам немесе аз мөлшерде сіңірілуі мүмкін. Бұған мысал ретінде табиғи Е витаминінің синтетикалық түріне қарағанда екі есе жақсы сіңірілетінін анықтаған The American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланған ғылыми зерттеуді айтуға болады. Кейбір синтетикалық витаминдер табиғи түріне қарағанда жылдам сіңіріледі. Себебі синтетикалық витаминдерде сіңірілуді баяулататын қосымша компоненттер болмайды. Бұл өз кезегінде токсиндік әсер беруі мүмкін»,- дейді Ербол Абайұлы.

 

Кейіпкеріміздің айтуынша, жалпы витаминдердің суда еритіні (В витаминдер жинағы [B12 мен фолий қышқылынан басқасы] және С витамині) және майлы ортада (А, Д, Е, К) еритіні болады. Суда еритіні ағзадан оңай босап шықса, майлы ортада еритіні ағзаға жиналады. Ағзаға жиналған витаминдердің көп мөлшері зиянды әсер береді.

 

Ербол Абайұлы синтетикалық С витаминін мысалға ала отырып, ағзаға әсер етуін, сіңірілуін келесідей сипаттайды.

 

«Бұрынғы нутрициология кітаптарында витаминнің әсер етуі былай сипатталады: нәрлі заттардың, ферменттердің, коферменттердің, антиоксиданттардың және минералдардың үйлескен жұмысы. Яғни витамин адам ағзасында дұрыс әсері болуы үшін тағам құрамындағыдай дәрумен жұмысына көмектесетін қосымша заттардың болуы қажетті. Осыған байланысты С витаминін мысалға алып көрейік. Қазіргі нарықта сатылымда жүрген С витаминінің басым көпшілігі синтетикалық. Және өндірістік масштабта олардың көпшілігі гендік өзгертілген жүгеріден алынады. Біз қолданып жүрген С витамині ретінде берілетін аскорбин қышқылы немесе оның түр өзгерістері С витаминінің синтетикалық түрі болып табылады. Бұлар толық С витамині емес және биологиялық әсері де нашар болады. Өз тәжірибеңізде бұл әсерді суықтағанда синтетикалық аскорбин қышқылын және амла жемісінен алынған С витаминін тұтынып байқай аласыз»,- дейді ол.

 

Өзіміз білетіндей, жоғары дозадағы синтетикалық витаминдер зиянды. Күніне 500 мг аскорбин қышқылын тұтыну жүрек қан тамырларын қалыңдатып жүрек талмасына алып келуі мүмкін. Ал күнделікті 1000-2000 мг синтетикалық С витаминін қолдану бүйректе тас жиналу мүмкіншілігін арттырады. Сонымен қатар жоғары дозалы синтетикалық С витамині гендік токсинді әсер көрсетеді, бұл өз кезегінде қатерлі ауру тудыруы мүмкін.

 

«Қандай С дәруменін қолданған жөн» деген сауалдың туындауы орынды.

 

Ербол Абайұлының пайымынша, аскорбин қышқылы мен оның магний, кальций, натрий тұздары, аскорбил пальмитат, магний аскорбил фосфат, Ester-C, липосомалы С витамині бұлардың барлығы синтетикалық болып келеді. Табиғи түрлеріне ацерола, амла, каму жемістерінен алынған С витамині жатады. Қазір сатылымда бар. Сол себепті дәрумен таңдағанда құрамына зер салып, танысып барып, табиғи түрін алуға тырысқан абзал.

 

Жалпы тәжірибелік дәрігер, нутрициолог (дұрыс тамақтану және ағзаға дәрумендер мен минералдардың әсер ету маманы), «PreventAge» халықаралық превентивті және қартаюға қарсы медицина институтының түлегі Аида Мұхтарқызы: «Дəрумен дегеніміз – көмірсудан, сутегінен, азоттан, фосфосфордан жəне басқада химиялық элементтерден тұратын белгілі бір реттілікпен орналасқан əртүрлі химиялық табиғаттағы топтар жиынтығы»,- дейді.

 

Нутрициолог ханымның айтуынша, дəрумендер – жасушаның дамуы мен өсуіне қатысатын физиологиялық белсенді байланыс. Дəруменсіз тағамнан энергия алмасу мүмкін емес.

 

Аида ханым дәрумендерді төмендегідей жіктейді:

 

Сипаттамасы

 

 

  • Дəрумендер энергия көзі болып табылмайды, бірақ ағзаға түскен ақуыз, май, көмірсуды синтездейді, энергияны түзуге қатысады.

  • Дəрумендер өмірге өте маңызды ағзаның қызметтерінің жұмысына өте қажет (тыныс алу, жұтыну, жүрек соғысы).

  • Жасушалардың өсуі мен дамуына қажет.
  • Жасушалардың биологиясына əсер етеді.
  • Жануарлар мен адам ағзасында аз ғана никотин қышқылынан басқа дəрумендер түзілмейді.
  • Дəрумендер бізге энергия түзілуіне өте қажет.

 

 

«Адамдар қазіргі уақытта өте əлсіз, энергия жетіспейді, əсіресе босанған əйелдер мен көп балалы аналар ұйқым қанбайды, таңертең ерте тұра алмаймыз деп шағымданады. Оның себебі неде? Өйткені біз тұтынатын тағамдарымыздың құнары өте төмен. Дәрумендерді қайдан аламыз? Адам баласының дəрумендерді алу көзі ол тек өсімдіктер. Ал жануар өнімдерін неге пайдалы дейміз. Өйткені жануарлар шөппен қоректенеді. Жануарлар қоректенетін өсімдіктердің құрамында біздің ағзамызға керек барлық дəрумендер болу керек»,- дейді Аида Мұхтарқызы.

 

 

Ал өсімдік толыққанды өсу үшін не керек:

 

 

 

✔құнарлы топырақ

 

 

 

✔минералдар (кремний,магний)

 

 

 

✔таза ,жұмсақ,құнарлы су

 

 

 

✔күннің көзі керек (фотрсинтез түзу үшін)

 

 

 

Қандай жерде өсіру зиян:

 

 

 

 

  • Қышқылды жаңбыр жауатын

 

 

 

 

 

  • Азон қабаты бар жерлер яғни ( түтіндері шығатын улкен заводтар) .

 

 

 

 

 

  • Ал жануарлар мысалы сиырды алатын болсақ ол сау болу үшін

 

 

 

  • Таза,құнарлы шөп шығатын жерде жайылу керек

 

 

 

  • Пайдалы өсімдіктерді жеу керек

 

 

 

  • Әр түрлі аурулардан аман болу керек əсіресе дəрумендерді сүзгіден өткізетін бауыр жəне бүйрегі сау болу керек.

 

 

«Енді ойланып көріңіз?! Сіз қолданып жүрген өнім қайдан келіп жатыр, қалай келіп жатыр? Ол біріншіден табиғи ма? Әлде синтетика ма? Ол өнімді берген жануар сау ма ауру ма? Ол қандай өсімдіктермен қоректенген? Өзіңіз бағамдап көріңіз»,- дейді нутрициолог маман.

 

Дәрігерден кеңес

 

Дәрумендерді қабылдау ережесі:

 

  • Майға еритін дәрумендерді күніне 1 рет барлық тәуліктік мөлшерін қолдануға болады. 

 

 

  • Аминқышқылдарының барлық түрін аш қарынға қолданған абзал, тек глютамин және аргининді тамақтан кейін ішуге болады.

 

 

 

  • Суға еритін дәрумендердің және минералдардың тәуліктік мөлшерін бөліп-бөліп ішкен дұрыс! Мысалы С тобының В тобының дәрумендері суда еритіндіктен ағзадан тез шығып кетеді,сондықтан бұл топтың дәрумендерін адам ауырған кезде әрбір екі скғат сайын ішкізіп, иммунитетті күшейтуге мүмкіндік жасаймыз.

 

 

 

  • Минералдарды майлардан (Омега,балық майы,Е дәрумені) бөлек ішкен абзал.

 

 

 

  • Шөптен жасалған дәрілерді тамаққа дейін 20-30 минут бұрын ішу керек!

 

 

 

  • Мультидәрумендерді тамақтан кейін ішу керек,өйткені олардың құрамында көбінесе цинк болады,ал ол өз кезегінде асқазанның шырышты қабатын тітіркендіруі мүмкін.

 

 

 

  • Коэнзим Q10 таңертең және ұйықтар алдында ішуді ұсынамын. Таңертең ішсеңіз энергия көзі, ұйықтар алдында ішсеңіз, қайта қалпына келу процесіне қатысады.

 

 

 

  • Дәрумен С, хондропротекторларды, рутин, кальцийді кешке ішкен дұрыс! 

 

 

  • Йодты таңертең ішу керек, ағзаға жақсы сіңу үшін және энергия көзі болу үшін!
  • Лецитин, балық майын – кез келген уақытта тамақтану кезінде (А, Е, Д, К) дәрумендері сияқты ішуге болады.

 

Жүкті келіншектерге арналған дәрумендер тізбесі

 

Ал, педиатр дәрігер, нутрициолог Меруерт Шахабаева жүкті келіншектерге қандай дәрумен ішуге болатын айтып, кеңесімен бөлісті.  

 

 

Бірінші триместрде қандай дәрумендер тұтынған жөн?

 

 

 

 

 

  • Ең алдымен фоллий қышқылы (В9 дәрумені). Ұрық жұмыртқасының дұрыс дамуы үшін (жүктіліктің ерте кезеңінде), баланың миы мен жұлынында туа біткен ақаулардың алдын алу үшін қажет. Фолий қышқылына тәуліктік қажеттілік - 400-600 микрограмм. Сразу ашығынан айтамын, аптекадағы фоллий - ол синтетикалық формасы, ал кәдімгі табиғи формасы ол метилфолат күніне 1 капсула тамақпен бірге қабылдау қажет.

  • Е дәрумені (токоферол, токотриенол). Қоректік зат «баланың орнын» (плацента), ананың психоэмоционалды тонусын тұрақтандыруға, иммунитетті нығайтуға, ұрықтың антиоксидантты қорғау механизмдеріне қатысады. Әйелдерге күніне 10-15 миллиграмм токоферол қабылдау маңызды. Ол аптекадағы обычный капсула Е витамині деп сатылады.

  • А дәрумені (бета-каротин, ретинол). Зат визуалды пигменттің қалыптасуына, плацентаның толық қалыптасуына, ұрықтың жүйке және эпителий ұлпаларының құрылысына «жауапты». Болашақ аналарға арналған бета-каротинге физиологиялық қажеттілік күніне 5 миллиграмм құрайды. Есіңізде болсын, А дәруменін шамадан тыс қабылдау жүректің, эмбрионның жүйке жүйесінің ауыр ақауларының дамуына да әкеледі. Сондықтан күн ара үзіліс жасап, ішу керек.

  • С дәрумені (содиум аскорбат, липосомальды форма, L аскорбин қышқылы). Қоректік зат ананың иммундық жүйесін нығайтуда, жүктілікті сақтауда, ұрықтың плацентарлы тосқауылын қалыптастыруда, эмбрионның шеміршек және сүйек тінін құруда маңызды рөл атқарады. Жүкті әйелдер үшін күніне кемінде 2000-3000 миллиграмм органикалық С дәрумені қабылдау өте маңызды.

  • Бұдан басқа, жүктіліктің алғашқы апталарында әйелдер үшін йодты пайдалану маңызды. Бұл элемент гормондардың клеткалық мембрана арқылы тасымалдануын бақылайды, фагоциттердің синтезін күшейтед, баланың жүйке тінін қалыптастыруға қатысады. Бірінші триместрдегі йод жетіспеушілігі ақыл-ой бұзылыстарымен, қалқанша бездерінің бұзылысымен көрініс табады.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға