Жаңалықтар

«Ситибанк Қазақстан» AIX Орталық депозитарийінің қатысушысы атанды

Ситибанк Қазақстандағы өз қызметін 1994 жылы бастаған
«Ситибанк Қазақстан» AIX Орталық депозитарийінің қатысушысы атанды
23.11.2022 10:20 1261

Astana International Exchange (AIX) «Ситибанк Қазақстан» АҚ AIX Орталық депозитарийінің (AIX CSD) қатысушысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл халықаралық институционалдық инвесторларға өз активтерін AIX CSD-де «Ситибанк Қазақстан» АҚ-ның кастодиандық шотында сақтауға мүмкіндік береді.

Ситибанк Қазақстандағы өз қызметін 1994 жылы бастаған. Қазақстанда Ситибанк арқылы елде жұмыс істейтін заңды тұлғалардың төлемдерінің едәуір үлесі өтеді.

«Қазақстанда біз жаһандық Citi-дің өсу мен прогреске ықпал ету миссиясын ұстанамыз. AIX Орталық депозитарийімен әріптестік орнатуымыз «Ситибанк Қазақстан» АҚ және біздің клиенттеріміз, оның ішінде халықаралық инвесторлар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін маңызды оқиға болды», - деді «Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма Төрайымы Сәуле Жақаева. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға