Сириядан оралған қазақстандыққа сот үкімі шықты
Фото: © El.kz / Бауыржан Жуасбаев
Фото: © El.kz / Бауыржан Жуасбаев
25.09.2023 12:00
649
Ұлытау облысында ер адам терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысты деп айыпталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды, - делінген мәліметте.
Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты оны осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.
2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балқашта қыз бала 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады