Сирияда содыр болған қазақстандықтың 7 жасар қызы елге қайтарылды
14.04.2023 12:07
Фото:
gov.kz
11 наурызда Сириядан елімізге бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ҰҚК мәліметінше, оны қайтару бойынша гуманитарлық операцияға жарты жылдан астам уақыт кеткен.
Қазір ол Астана қаласының балаларды қолдау орталығында.
«Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада ол туыстарына беріледі», - делінген мәліметте.
Жалпы, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елімізге жеткізген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

